
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді. Ақорданың хабарлауынша, жиын 26 қыркүйекте өтеді.
Ал 27 қыркүйекте Астанаға Мьянма президентінің міндетін атқарушы, мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді.
«Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр», – делінген ақпаратта.
29-30 қыркүйек күндері президент шақыруымен Италия президенті Серджо Маттарелла ресми сапармен келеді.
Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйледі.