Жаркентте әскериді өлтіргені үшін сотталғандардың жазасы жеңілдемейтін болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әскери Дархан Дәулетті өлтіргені үшін төрт адам 10 жылдан 15 жылға дейін сотталды/коллаж kursiv.media

Жаркентте әскери Дархан Дәулетті өлтіргені үшін 10 жылдан 15 жылға дейін сотталғандар үкімге апелляциялық шағым түсірді. Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шағымды қарап, бірінші инстанцияда шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін шыққан сот үкімі 2025 жылдың 25 қыркүйегінде заңды күшіне енді.

Істің мән-жайы

Әскери Дархан Дәулет Жаркент әскери гарнизонында 2024 жылдың 13 қарашасынан 14 қарашасына қараған түні қайтыс болған.

Содан кейін бір майор мен үш сарбаз қамауға алынды.

Сот үкімі

Іс бойынша сот үкімі 2025 жылдың 24 шілдесінде шықты. Майор Дархан Қазтай түпкілікті 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол майор шенінен айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Сарбаз Бақберген Рустамұлы, Аят Шакир 12 жылға, Нұрман Әбсадық 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз