Экономика

IPO-ға шыққалы «ҚазМұнайГаздың» акциялары екі есе қымбаттаған

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акция бағасы 21 834,44 теңгеге жетті.

Бұл IPO өткізілген уақытпен салыстырғанда, 2,5 еседен аса өскенін көрсетеді.

Егер осы кезең ішінде төленген дивидендті есепке алсақ, инвесторлардың жалпы кірісі 177% болды.

Сол күні компанияның нарықтық капиталы 13,3 трлн теңгеге немесе 24,4 млрд АҚШ долларына бағаланды. Жыл басынан бері «ҚазМұнайГаздың» нарықтық құны 49%-ға өсті.

2025 жылдың 6 айында «ҚазМұнайГаз» мұнай және газ конденсаты өндірісін 8,8%-ға арттырып, 13,04 млн тоннаға жеткізді. Табиғи және ілеспе газ өндірісі 18,3%-ға өсіп, 5,73 млрд текше метрге жетті.

Биыл жазда ҚМГ Қазақстандағы ең қымбат компанияға айналды. Оның нарықтық құны жыл басынан бері 16,5% өсіп, 19,7 млрд доллдарды құраған.