Жаңалықтар

Қайрат-Реал Мадрид ойыны жақындап қалды: Алматыда пәтер жалдау бағасы қанша

Фото: «Қайрат» ФК, бильд-редактор Ахтам Зиперов

30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында «Қайрат» пен «Реал-Мадрид» арасындағы тарихи матч өтеді. Бүкіл әлем көз тіккен матчқа әлемнің түпкір-түпкірінен қос клубтың жанкүйерлері келмек. Kazakh Tourism мәліметінше, «Қайрат» клубының Алматыда өтетін 4 матчына 4 мыңнан аса шетелдік турист жиналмақ. Осы ретте Алматының орталығындағы пәтер мен қонақ үйге деген сұраныс артады. Kursiv.Media «Крыша» сайтының мәліметі негізінде Орталық стадион маңынан бір күнге пәтер жалдау құны қанша болатынын анықтап көрді.

Стадион түбіндегі пәтерлер

25 қыркүйек күнгі дерек бойынша, стадионның дәл қасынана жалға берілетін пәтер көп емес. Байтұрсынов пен Абай көшесінің қиылысы жағынана 1 пәтер шықса, стадинның Сәтбаев көшесі жағынан 3 пәтер шығып тұр.

Байтұрсынов көшесі бойындағы 2 бөлмелі пәтер иесі қазір тәулігіне 20 мың теңге сұрап тұр. 1970 жылғы үйде орналасқан 42 шаршы метрлік пәтердің де жағдайы орташа. Интерьері кеңес заманынан қалғандай әсер береді.

Ал Сәтбаев көшесі мен Минин көшесінің қиылы маңындағы тәулігіне өткізілетін пәтерлердің бағасы жағдайы мен бөлмесіне қарай 35 мыңна басталып, 80 мыңға дейін жетеді. Boulevard Residence тұрғын үй кешенінде оналасқан 1-2 бөлмелі пәтерлердің ремонты жаңа, жағдайы жақсы. Пәтерде интернет, теледидар, кіржуғыш машина, кондиционер, ыдыс жуғыш машина т.б. бар. 30 мың теңге депозит төлеу керек.

Фото: krisha.kz

Орталық стадионға қарма-қарсы орналасқа үйдегі 4 бөлмелі пәтерді тәулігіне 80 мың теңгеге жалға алуға болады. 220 шаршыметрді құрайтын пәтерге 12 адам орналас алады.

Фото: krisha.kz

9 қабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтерден Орталық стадион алақандағылай көрінеді. Пәтер иесінің жазуынша жақында ғана жөндеуден өткен.

Фото: krisha.kz

Стадион маңындағы пәтер бағасы қанша?

Жалпы Орталық стадионға жақындау жерден жалға берілетін пәтерлер көп. Олардың бағасы әзірге көтеріле қойған жоқ. Пәтердің жағдайы, бөлме саны мен үй санатына қарай тәулігіне 10 мыңнан басталып, 70-80 мың теңгеге дейін жетеді.

Тіпті Есентай өзенінің жағалауында орналасқан «Тенгиз Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі жалы аумағы 600 шаршы шақырым болатын 5 бөлмелі пәтерді бір күнге 400 мың теңгеге жалдауға болады.

Абай мен Әди Шәріпов көшесінің қиылысында орналасқан жатақхана бөлмесінде бір түн қонып шығу 10 мың теңгеден басталады. Осы маңайдан ас үйі бөлек, толық жабдықталған, ремонты жаңа 1 бөлмелі пәтерді 15-22 мың теңге аралығында жалдауға болады.

Фото: krisha.kz