Алматыда 97,7 млрд теңгеге 647 шағын және орта бизнес жобасы жүзеге асты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетілді / фото: Алматы әкімдігі

2025 жылдың басынан бері Алматы қаласында жалпы құны 97,7 млрд теңге болатын шағын және орта бизнестің 647 жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл туралы Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Жобаларды субсидиялау, кепілдік беру және несиелеуге барлығы 50,6 млрд теңге жұмсалған. Оның ішінде 18 млрд теңге республикалық бюджеттен, ал 32,6 млрд теңге жергілікті бюджет есебінен бөлінді.

Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында 51,3 млрд теңгеге 309 жоба қаржыландырылып, оның ішінде 242 жобаға 47,8 млрд теңге көлемінде субсидия берілді. Сонымен қатар, 67 жоба 3,5 млрд теңгелік несиеге қол жеткізді. «Алматы Бизнес – 2025» өңірлік бағдарламасы бойынша 5,4 млрд теңгеге 50 жоба қолдау тапса, «Jana business» бағдарламасы арқылы 153 жобаға 13,7 млрд теңге бөлінді.

Кепілдік қорлары арқылы да кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатыр. Осы бағытта 15,2 млрд теңгеге 122 жоба мақұлданып, оның ішінде 7,9 млрд теңгесі кепілдік есебінен қамтамасыз етілді. Бұған қоса, «Даму» қоры өнеркәсіп, көлік, туризм, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы кәсіпкерлер үшін «Өрлеу» атты жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты. Нәтижесінде 12,1 млрд теңгеге 13 жоба қаржыландырылды.

Сондай-ақ оқыңыз