Lifestyle

Рүстем Омаров Джеки Чанның Алматыға не үшін келгенін айтты

Джеки Чанның Алматыға не үшін келгені белгілі болды / фото: instagram

Әлемге әйгілі қытайлық актер, продюсер әрі режиссер Джеки Чан Алматыға арнайы келді.

Әлеуметтік желіде режиссер әрі продюсер Рүстем Омаров Джеки Чанмен түскен суретін жариялап:

«Жуырда, бәрін білетін боласыз… (P.S. Қайрат пен Реалдың ойыны қатысы жоқ )» – деп жазды.

23 қыркүйекте келген актерді еліміздегі Salem Entertainment компаниясының өкілдері қарсы алған. Сонымен қатар, қазақстандықтар атақты актерге ұлттық дәстүр бойынша шапан жауып, құрмет көрсетті.