
30 қыркүйек күні Алматы қаласында футбол жанкүйерлері тарихи сәттің куәсі болмақ. «Қайрат» пен әлемнің ең үздік клубтарының бірі Реал Мадрид командалары Чемпиондар лигасы аясында кездеседі.
Жанкүйерлер үшін ерекше жаңалық – матчқа арналып шығарылған эксклюзивті шарфтар сатылымға шықты. Шарфтарды «Қайраттың» ресми дүкенінен сатып алуға болады:
Жұмыс уақыты:
- Дүйсенбі–Жұма: 10:00–20:00
- Сенбі–Жексенбі: 10:00–18:00
Еске сала кетейік, бұл ойынға билеттердің барлығы алдын ала сатылып кеткен. Матчты стадионда тамашалау үшін Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шетелден де жанкүйерлер келеді. Әсіресе Испаниядан 1000-нан астам жанкүйер арнайы ұшып келеді деп күтіліп отыр.