Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі қызметінен босатылды
Жарияланды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Тамара Дүйсенова әр жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, сондай-ақ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті қызметтерін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған, кейін Мемлекет басшысының көмекшісі лауазымына тағайындалған еді.
Бұдан бөлек, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев та қызметінен босатылды.