Жұмыс іздеп жүргендер үшін Алматыда арнайы жәрмеңке өткізіледі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
не работает сайт
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді / Фото Shutterstock

Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл жәрмеңкеге жұмыс іздеуші азаматтар мен білікті кадрла іздестіріп жатқан жұмыс берушілер шақырылады.

Жәрмеңке халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 26 қыркүйек күні Алматы қаласының, Алмалы ауданында, Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысында өтеді.

Қатысушыларды тіркеу 14:00-де басталады.

Айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың екінші тоқсанында еңбек нарығындағы жағдай бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құраған. Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректеріне сенсек, Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,3 млн адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде 7,1 млн адам жалдамалы жұмыспен, 2,2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Жалпы Қазақстанда орташа айлық жалақы 448 620 теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз