Lifestyle

Мейрамбек Беспаев қызының тұсау кесер тойын өткізді (видео)

Мейрамбек Беспаев Айзия қызына арнап жаңа ән орындады / фото: ашық дерек көзі
Мейрамбек Беспаев Айзия қызына арнап жаңа ән орындады / фото: ашық дерек көзі

Мейрамбек Беспаев Айзия қызының тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді. «МузАРТ» әншісінің бұл қуанышына қазақстандық жұлдыздар ортақтасты.

«Айзия Мейрамбекқызының тұсау кесер тойы. Алла тағала тіл-көзден сақтап, инабатты, білімді, саналы болып өсе берсін», – деп жүрекжарды тілегін білдірді Мейрамбек Беспаевтың досы, әріптесі Сәкен Майғазиев.

Тойда Айзия ақ көйлек киіп, басына үкі тағып төрде отырды. Танымал әнші кішкентай бүлдіршінге арнап, қоңыр үнімен ғажайып жаңа ән орындап берді.

«Кішкентай періштенің алғашқы қадамы құтты болсын! Әр басқан қадамына Алланың нұры жаусын!» – деп оқырмандары тілектестік білдірді.

Мұның алдында Мейрамбек Беспаевтың бағын жандырған ұстазы шәкіртіне өкпесін айтқан еді.