Сәкен Майғазиев Айгүл Иманбаеваның маңдайынан өрмекші тауып алды

Жарияланды 25 Қыркүйек 2025 10:12

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Сәкен Майғазиев Айгүл Иманбаеваны Джей Лоға теңеді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Сәкен Майғазиев Айгүл Иманбаеваны Джей Лоға теңеді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сәкен Майғазиев Айгүл Иманбаеваның маңдайынан өрмекші тауып алды. Тіпті, жыбырлаған жәндікті қолына алып көрсетті.

Ол Айгүл Иманбаеваға мадақ айтып, Джей Лоға теңеді. Бұл туралы актриса өзінің парақшасында жариялады.

«Джей Лодан қай жері кем. Мына жерінде өрмекші кетіп бара жатыр. Маңдайында», – деді ол Айгүл Иманбаеваға.

Айгүл Иманбаева бұған сенбей «кетші» деп назданды.

Сәкен Майғазиев актрисаның басындағы өрмекшіні ұстап алып, камераның алдына әкеп көрсетті. Алақанында қара өрмекші жыбырлап жүгіріп жүр. «МузАРТ» әншісі қолындағы өрмекшіні үрлеп, ұшырып жіберді.

Актрисаның басында жүрген өрмекші жерге түскенде, Сәкен Майғазиев той үстіндегі өнер қайраткерлеріне өрмекшіні басып кетпеуін сұрап, жәндіктің аман-есен қауіпсіз жерге кетуіне мүмкіндік берді.

Мұның алдында Джей Лоның Алматыда өткен концертінде әлемдік жұлдыздың мойнына шегіртке қонған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз