Банк пен қаржы

Микроқаржы ұйымының клиенттеріне көмектесетін омбудсманға қалай жүгінуге болады

Фото: ашық дереккөзден

Микроқаржы ұйымымен (МҚҰ) микрокредит бойынша дау туындаған клиенттер енді микроқаржы омбудсманына жүгіне алады деп ескертеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен.

Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға өзара тиімді шешім табуға көмектесетін, дауларды ақысыз қарайтын тәуелсіз тұлға. Ол тараптардың құқықтарын қорғайды, дауларды шешуге жәрдемдеседі және микроқаржы нарығындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Оған қалай жүгінуге болады?

  • Ресми сайт арқылы: mfombudsman.kz
  • Электрондық пошта арқылы: info@mfombudsman.kz
  • Кеңсесіне де баруға болады: Алматы қ., Мынбаева көшесі, 53-ғимарат, 3-қабат, 321-кеңсе

Өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?

  • омбудсманға жазылған өтініш;
  • арыз алушы толтырған сауалнама (сайтта бар);
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • микрокредит шарты, өтеу кестесі, қосымша келісімдер (бар болса);
  • микроқаржы ұйымына немесе талап қою құқығы берілген тұлғаға жазылған өтініштер және олардың жауаптары (бар болса);
  • жеке деректерді өңдеуге және несие есебін алуға келісім

Байланыс нөмірлері:

+7 (727) 338 22 44

+7 (727) 338 22 25

Қазақстанда микроқаржы омбудсманы институты жұмыс істейтіні туралы былтыр агенттіктен хабарлаған еді. Ол мерзімі өткен қарыздарды реттеп, коллекторлық агенттіктермен туындаған мәселелерді қарайды. Омбудсманның шешімі МҚҰ үшін міндетті болып саналады.