
25 қыркүйекте Қазақстанда салынатын алғашқы Атом электр станциясы (АЭС) атауына байланысты байқау басталды. Бір адам бір ғана ұсыныс бере алады. Бұл туралы Kusiv.Media Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Бүгін басталған байқау 10 қазанға дейін созылады. Ұсыныстар eGov Mobile қосымшасында қабылданады. Ал 11-24 қазан аралығында ұсыныстар сарапталады. Қазанның аяғына дейін АЭС атауы мәлім болады.
Байқау ережелері мен шарттары агенттің сайтында жарияланды. Әрбір азамат АЭС-ке өз атауын ұсына алады. Байқауға 16 жасқа толған азаматтарға ғана қатысады. Бір адам ғана ұсыныс өткізе алады.
«Ұсыныс бере отырып, қатысушылар Конкурс өткізудің барлық шарттарымен келіседі, сонымен бірге ҚР заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім білдіреді», – деп жазылған байқау шартында.
Ұсыныстарды бағалау тарихи және мәдени маңыздылығы, үндестік және бірегейлік сияқты факторлардың жиынтығы бойынша жүзеге асырылады.
«Қазақстан азаматтарының барынша көп қамтылуы үшін АЭС-ке үздік атау беру бойынша ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады. Байқаудың атом саласы қызметкерлері күні қарсаңында басталуы – өнеркәсіптің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесінің айқын дәлелі», – дейді агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС құны 14-15 млрд доллар. Станция құрылысын «Росатом» жүргізеді.