
«Қазгидромет» 25 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде шаңды дауыл тұратынын, оның күші 28 м/с дейін жететінін ескертті.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с дейін күшейеді.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел тұрады. Облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін артады.
25 қыркүйекте түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді. Қонаев қаласында шығыстан солтүстік-шығыстан жел соғады. Оның екпіні – 18-23м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел күші 23 м/с дейін артады. Шымкент пен Түркістан қалаларында өрт шығу қаупі бар.
25 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігігнде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Орал қаласында күндіз найзағай ойнайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с дейін артады.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Бүгін Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с артады.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді.
Бүгін түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік шалады.
25 қыркүйекте түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі.