Францияның экс-президенті Саркози бес жылға сотталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози бес жылға сотталды. Сот экс-президентті Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафимен сөз байласты деп таныды. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Париж соты Саркозиді басқа да тағылған айыптар бойынша ақтап шықты. Олардың арасында жемқорлық, сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру секілді айыптар бар.

Reuters мәліметінше, үкім көпшілік ойлағаннан әлдеқайда қатты болып шықты. Енді бұрынғы президентке белгілі бір уақытта түрмеде өткізуге тура келеді.

Саркози осы уақытқа дейін тағылған айыптарды жоққа шығарып келді. Ауыр айып экс-президенттің Франция ішкі істер министрі қызметін атқарып тұрған 2005 жылға қатысты. Сол кезде Саркози сайлау науқанына қаражат алу үшін Ливия үкіметіне халықаралық сахнада қолдау көрсетуге уәде берген делінеді.

Судья оның Каддафимен келісімге отырғанына дәлел жоқ деп мәлімдеді. Алайда сот саясаткерді бөтен елмен сөз байласты деп таныды.

70 жастағы Саркози 2007-2012 жылдар аралығында Франция президенті қызметін атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз