Жаңалықтар

Трамвай Алматы көшелеріне қайта оралады

Трамвай / фото: shutterstock
Трамвай / фото: shutterstock

Трамвай араға он жыл салып Алматы көшелеріне қайта оралады. «Алматыбасжоспар» бас директоры Асхат Сәдуов осылай деп хабарлады.

SHARE халықаралық сәулетшілер форумына қатысқан Сәдуов трамвай мегаполистің қай көшелерімен жүретінін де түсіндірді.

«Қалаға қайта оралған трамвай «Барлықтан» қатынап, Төле би көшесімен жүреді. Сол дәлізде қатынайды. Біз оның жолын әуежай жаққа тартамыз. Сол арқылы батыс пен шығысты жалғаймыз. Мақсат – тұрғындардың қаланың екі шетіне 20 минутта қатынауға мүмкіндік жасау», – дейді шенеунік.

Оның айтуынша, қазір жобаның техника-экономика негіздемесі әзірленіп жатыр. Оны жүзеге асыру мерзімі қаржының қаншалықты тез табылғанына байланысты болады.

Алматы қаласында трамвай қозғалысы 2015 жылы тоқтады. Сол жылы күзде трамвайлардың бірінің тежегіші істен шығып, 17 автокөлікті соғып өткен. Үш аптадан кейін тағы бір трамвай 14 автокөлікке соққан. Содан кейін мегаполисте көліктің мұндай түрін қолдану тоқтаған.