Li Auto Ресейге қарағанда Қазақстанда қанша арзан

Жарияланды 25 Қыркүйек 2025 15:31

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Li L6 гибридті кроссовері 19,98 млн теңгеден басталады /Фото: auto.ru

Қараша айында Қытайдың Li Auto (Lixiang) автокөліктер бренді Қазақстанда ресми түрде сатылымға шығады. Елдегі ресми дистрибьютор – Allur компаниясы. Қазақстандық автожүргізушілерге үш түрлі гибридті кроссовер ұсынылмақ: L6, L7 және флагмандық L9. Жарияланған бағаларға қарап, бұл көліктердің Қазақстанда Ресейден әлдеқайда арзан екенін аңғаруға болады.

Lixiang көліктерінің Қазақстандағы бағасы

Фото: Li L7 /auto.ru
  • Lixiang L6 кроссовері Pro жиынтығында19,98 млн теңге (шамамен 3,07 млн рубль), ал Max нұсқасы – 22,2 млн теңге (3,4 млн рубль).
  • Үлкенірек Li L7 көлігі Pro нұсқасында 23,09 млн теңгеден (3,55 млн рубль) басталып, Ultra жиынтығында 27,86 млн теңгеге (4,3 млн рубль) дейін жетеді.
  • Флагмандық L9 моделі 31,4–33,5 млн теңге аралығында (4,85–5,15 млн рубль) ұсынылады.
Фото: Li L9 / auto.ru

Kolesa.kz порталының хабарлауынша, Ресейде бұл көліктер айтарлықтай қымбат. Мысалы, Li L6 Pro кемінде 5,69 млн рубль, ал L9 Ultra – 8,59 млн рубльден басталады. Осылайша, екі нарық арасындағы баға айырмашылығы бірнеше миллион теңгені құрайды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандағы ZEEKR премиум-класты электромобильдердің ресми дистрибьюторы жаңа ZEEKR 7X электркроссоверінің сатылымының басталғаны туралы хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз