Жаңалықтар

АҚШ-тың бақылауына өтеді: Трамп TikTok туралы қаулыға қол қойды

тикток
Фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok бойынша келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, әлеуметтік желінің 80% акциясы америкалық корпорациялардың бақылауына өтеді және ел аумағында жұмысын жалғастыра алады.

Алгоритмдер АҚШ нарығына бейімделген «жаңа әрі қауіпсіз» нұсқаға қайта оқытылады. Қытайлық бас компания бұл жүйелерге толықтай қол жеткізу мүмкіндігін жоғалтады.

Келісім құны 14 млрд доллар деп бағаланды. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс TikTok енді «америкалықтарға қарсы насихат құралы ретінде қолданылмайды» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қолданушылар қосымшаны бұрынғыдан да сенімді пайдалана алады.

Сондай-ақ Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен жеке кездесуінде оны Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатуға шақырды. Трамптың айтуынша, Мәскеудің Украинадағы әскери әрекеттері аяқталмайынша, Анкара мұндай қадамға баруы қажет.