
Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) «ЛОТТЕ Рахат» кондитерлік компаниясына экспорт алдында 3 млрд теңгеге қаржыландырды.
Банк компанияға қайта толтырылатын несие желісін ашқан. Бұл қаражат шоколад, бәліш, кәмпит және басқа да өнімдерді өндіру мен шетелге жеткізу шығынын жабуға бағытталады.
ҚДБ атап өткендей, экспорт алдындағы қаржыландыру – банктің негізгі бағыттарының бірі. Оның мақсаты – отандық компаниялардың шетел нарығына шығуына және экспорт көлемін арттыруына қолдау көрсету.
Бұған дейін банк көмегімен қазақстандық көптеген кәсіпорын өнімлерін шетелге жеткізіп, ірі экспорттық келісімдерге қол жеткізген.
«ЛОТТЕ Рахат» – Қазақстандағы ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі. Компания Алматыдағы негізгі фабрика мен Шымкенттегі өндірістік алаңда жұмыс істейді. KASE мәліметіне сәйкес,фабриканың 95,6% акциясы Оңтүстік Кореяның Lotte WellFood Co компаниясына тиесілі.
«Рахат» кондитерлік фабрикасы былтыр топ-менеджерлеріне 234,7 млн теңге сыйақы төлеген.