Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
Жарияланды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытай астанасында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымында қарсыласын жеңді.
Рыбакина америкалық Кэти Макнэллиге қарсы кортқа шығып, үш сетке созылған тартысты матчта 7:5, 4:6, 6:3 есебімен басым түсті.
Бұл жеңістен кейін қазақстандық спортшы турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Келесі кезеңде Германия өкілі Ева Лиспен кездеседі.
Еске салайық, Елена Рыбакина бұған дейін Қытайда өткен Билли Джин Кинг кубогы аясында америкалық Джессика Пегуланы жеңген еді.