Lifestyle

Жаңа PlayStation 5 Pro сатылымға қашан шығатыны белгілі болды

PlayStation 5 Pro сатылымға қашан шығатыны белгілі болды / фото: Sony Interactive Entertainment

Sony компаниясы жаңа PlayStation 5 Pro нұсқасын Еуропа нарығына 30 қыркүйекте шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Wccftech порталы инсайдер billbil-kun дерегіне сүйене отырып хабарлады.

Жаңа аппараттық нұсқа CFI-7121 деп аталады. Жапон сертификаттау құжаттарында пайда болған. Алайда, күтілгендей, өзгерістер аса көп емес: консоль тек энергоүнемділігі артады. Дизайны мен SSD жады өзгеріссіз қалады — бұрынғыдай 2 Тб көлемінде.

Бағасы да сақталады: PlayStation 5 Pro Еуропада €800 тұрады. Ал басқа аймақтарға қашан жеткізілетіні әзірге белгісіз.

PS5 Digital Edition-дағы өзгерістер

Қыркүйек айының басында Sony Еуропада жаңа PlayStation 5 Digital Edition шығарды. Бұл нұсқаның жады азайтылған: енді консольде 825 Гб бос кеңістік бар, бұрынғы үлгіде — 1 Тб болатын. Сарапшылардың айтуынша, жады көлемін қысқарту компанияға консольдің бағасын өсірмеуге мүмкіндік берген.

Pro-нұсқаның ерекшеліктері

PlayStation 5 Pro алғаш рет 2024 жылы таныстырылған. Sony консольді тарихтағы ең қуатты ойын жүйесі ретінде жариялаған. Жетекші архитекторы Марк Черни Pro-нұсқа графикалық процессорының арқасында қарапайым PS5-пен салыстырғанда 45% қуаттырақ екенін айтқан.

Ал PS6 қашан?

Биыл шілдеде Sony Interactive Entertainment басшысы Хидеаки Нисино жаңа буын консольдері туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, PlayStation 6 әзірлеу – компанияның басты басымдығы болып отыр. Бұл құрылғының күткеннен ертерек шығуы мүмкін деген болжамды күшейтті.