
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың басты бағыттары мен ел дамуы жөнінде пікір білдірді.
Менің негізгі миссиям – қазіргі алмағайып кезеңде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық дамудың берік іргетасын қалау. Менің барлық шешімдерім осы міндеттерді іске асыруға бағытталған, – деді президент.
Президенттің айтуынша, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу – ұзақ әрі күрделі процесс. Оның әлемдік экономикаға ықпалын мұқият зерттеу қажет. Дегенмен, бұл технологиялық үрдістер адамзаттың болашағын айқындайтын факторға айналуда.
Бұл салада қатып қалған қағида жоқ. Сондықтан біз батыл шешімдер қабылдаудан қорықпауымыз керек. Сонда ғана жаңа әлемде өз орнымызды ала аламыз, – деді Қ.Тоқаев.