
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Оның орнына Сыртқы істер министрі болып Ермек Беделбайұлы Көшербаев тағайындалған. Ол бұрынғы қызметінен босатылған.
Айта кетсек, кеше 25 қыркүйек күні президент бірқатар лауазымды тұлғаларды қызметінен босатқан болатын. Лауазымынан босатылғандар арасында Президент кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова, ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев және Президенттің көмекшісі Тамара Дүйсенова бар.