Қытай компаниясы 800 млн долларға 1 млн тонна жүгері өңдейтін зауытты іске қосады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қытай компаниясы жылына 1 млн тонна жүгері өңдеп, шетелге экспорттайды / Фото: unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Қытай компаниясы жылына 1 млн тонна жүгері өңдеп, шетелге экспорттайды / Фото: unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қытай компаниясы Жамбыл облысында жылына 1 млн тонна жүгері өңдейтін зауытты іске қосады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны Fufeng Group компаниясы жүзеге асырады. Бұл компания өңірде 800 млн долларға жылына 1 млн тонна жүгеріні қайта өңдеуге қуатты толықтай біріктірілген  өнеркәсіптік парк салады.

Бұл парк кешенінде бірнеше зауытпен қатар жылу электр станциясы жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда:

  • крахмал өндіретін зауыт;
  • үш биоферментация зауыты;
  • химиялық компоненттер шығаратын зауыт;
  • көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясы.

Зауыттар 2026 жылдың І тоқсанынан бастап ішінара іске қосыла бастайды.

Инвестор кәсіпорынды тұрақты түрде шикізатпен қамтамасыз ету үшін осы жылы ішкі нарықтан және жақын шет елдерден 500 мың тонна жүгері сатып алуды жоспарлап отыр. Ал кейін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен алдын ала келісімшарт жасап, қазақстандық шаруалардың өнімін тұтына бастайды.

Зауыттардан шығарылған өнім Еуропа елдеріне, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдеріне экспортталады.

Айта кетейік, Қытайдың таңы екі алып корпорациясы Алматы және Ақмол облысында ірі жобаларды жүзеге асырады. Алматы облысында  «Shanghai Side Cheng Biotechnology» және «CITIC» консорциумы құны 1 млрд доллардан асатын  астық өңдейтін ззауіп кешенін салуды жоспарлап отыр. Ал Ақмола облысында құны 1,6 – 1,8 млрд долларды құрайтын бидайды терең өңдейтін зауыт іске қосылады. Оны қытайлық «Shijixianghe agribusiness Group» компаниясы жүзеге асырмақ.

Сондай-ақ оқыңыз