
Кореяда күйеуінің жыныс мүшесін кесіп, унитазға тастаған 57 жастағы әйел кісі өлтіруге оқталды деген айыпты жоққа шығарды.
Korea JoongAng Daily дерегінше, ол 1 тамыз күні күйеуіне бірнеше рет пышақ салып, кейін жыныс мүшесін кесіп алған. Сосын унитазға ағызып жіберген. Шабуылға қызғаныш себеп болған.
Сотта әйел заңсыз басып кіруді мойындағанымен, кісі өлтіруге ниеті болмағанын жеткізді. Оның 39 жастағы күйеу баласы да оқиғаға қатысқан. Ол ауыр жарақат келтіргенін ғана мойындаған.
Әйелдің 36 жастағы қызы да әкесінің жүрген жерін анықтау үшін жеке детектив жалдап, заңды бұзғанын айтқан.
Прокуратура әйелге электронды бақылау орнатуды сұрады. Жәбірленуші аман қалған. Отадан кейінгі жағдайы тұрақты.
Мұның алдында Мақтааралда қалыңдығымен кездесуге барған жігіт қаза тапқан еді.