Жаңалықтар

Өзбекстандық лайк басқаны үшін 3 жылға сотталды

Өзбекстандық алты жыл бұрын жарияланған діни мазмұнды дәріске «класс» белгісін басқаны үшін кінәлі деп танылды / фото: KursivMedia мұрағаты
Өзбекстандық алты жыл бұрын жарияланған діни мазмұнды дәріске «класс» белгісін басқаны үшін кінәлі деп танылды / фото: KursivMedia мұрағаты

Өзбекстандық лайк басқаны үшін 3 жылға сотталды. Ол алты жыл бұрын жарияланған діни мазмұнды дәріске «класс» деген белгі басқан.

«Сотталушы У.Алмарданов «Redmi Note 13» телефонында орнатылған «Одноклассники.ру» мессенджеріндегі «Улугбек Алмарданов» атты аккаунтынан 2019 жылы Абдухани Умаровтың («Абдуллаh домла») «Жәннатқа ғашықтар» атты радикалды идеяларға толы дәрісіне «класс» басып, оны виртуалды достарына таратқан», – деп хабарлады Сурхондария уәлоятының соттары.  

Сот осы әрекеті үшін оны Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 244-1-бабы 3-бөлігінің «г» тармағында көрсетілген қылмыс жасады деп таныды.

Қумқорған аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотының 2025 жылғы 1 шілдедегі үкіміне сәйкес, Алмарданов кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны жалпы тәртіптегі колонияда өтеу белгіленген.

Сотталушының әрекеті ауыр қылмыс саналғандықтан, оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда жеңілдетілген тәртіп қолданылып, жазаның мерзімі қысқартылды.

Мұның алдында Ташкент әлемдегі ауасы ең лас қала болып танылған еді.