«Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңі басталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Республика күні алдында еліміздің «Үздік педагогі» анықталып, жеңімпаздардың есімі жарияланады / фото: KursivMedia мұрағаты
Республика күні алдында еліміздің «Үздік педагогі» анықталып, жеңімпаздардың есімі жарияланады / фото: KursivMedia мұрағаты

«Үздік педагог» республикалық байқауының биылғы іріктеу кезеңіне 1468 маман қатысып, оның 793-і облыстық деңгейде бақ сынады.

Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің ақпаратына қарағанда, дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алған.

«Оның ішінде орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, мектепке дейінгі, қосыша білім беру ұйымдарының педагогтері бар. Өз ісінің шебері деп танылған бұл мамандар енді республикалық кезеңде «Үздік педагог» атағы үшін сайысқа түседі», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген, тыңғылықты жұмысымен, ерекше шеберлігімен көзге түскен ұстаздарды анықтау.

25 қыркүйек күні байқаудың республикалық кезеңі басталды. Республика күні алдында еліміздің «Үздік педагогі» анықталып, жеңімпаздардың есімі жарияланады. Озып шыққандарға «Үздік педагог» атағы беріліп, 1000 АЕК көлеміндегі сыйақы табысталады.

Бұл байқау 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам «Үздік педагог» атағының иегері бар.

Мұның алдында министрлік балабақша, мектеп, колледждерде елеулі маңызды өзгеріс жасалатынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз