Жұлдыз Әбдікәрімова сәбиін неге Рәбия Сұлтан деп атағанын айтты

Жарияланды 26 Қыркүйек 2025 16:06

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Жұлдыз Әбдікәрімова араға айлар салып, қызды болатынын білген / фото: Instagram
Жұлдыз Әбдікәрімова араға айлар салып, сәбилі болатынын білген / фото: Instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова сәбиін неге Рәбия Сұлтан деп атағанын айтты. Бұған қасиетті Түркістан шаһарына сапары себеп болыпты.

«Өткен күзде Түркістанға арнайы сапармен бардым. Жоқ, іссапар емес, рухани еді. Ата-баба әруағына құран бағыштау ниетім болды. Жол түсіп, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесінде болдым», – деді актриса.

Жұлдыз Әбдікәрімова қызын көтерерде кесене алдында қандай ойда болғанын, қандай сезім кешкенін де жасырмай айтып берді.

«Болашаққа бәлендей анық жоспар жоқ еді. Өз-өзіммен тілдесіп: Мен кіммін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Қайтсем, көпке қызмет етіп, ұрпаққа пайда бере аламын?… деген сұрақтар мазалады. Тарихта есімі таңбаланып, даналығы ұрпағына мәңгі сабақ болып тұрған Ұлы адамның кесенесінен кете алмай айналшықтап жүріп алдым», – дейді ол.

Арада айлар өткен соң, қызды болатынын білген. Ол кезде Түркістан сапары жадында жаңғырып тұрған.

«Есімі өзге болуы мүмкін емес дедім. Рәбия Сұлтанды қырық күнге толтырып, салт пен дәстүрге сай, бар ырымын жасап, қырқынан шығарып алдық.  Еркін, батыл, батыр, қайсар қыз болып өссе деген аналық тілегім бар. Маңдайына жазылған тағдырын саналы өрнектеп, рухы мықты аналарымыздың ұрпағы екенін біліп жүрсе деймін», – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актриса аңсаған отбасына сәби иісін тілеп отыр.

Айта кетерлік жайт, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші рет сәби сүйіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз