Оскар Хартман: Алматы балаларына көмектесетін қор құрғым келеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Оскар Хартманн / Фото: Be Woman баспасөз қызметі

Сыңармүйіз құрған кәсіпкерлердің 98%-ы ауылдан шыққан. Бұл жайлы Алматыда өтіп жатқан Be Woman форумында жаһандық инвестор, меценат, әлемдік бестселлерге айналған кітаптардың авторы Оскар Хартман айтты.

«Бұл әлемде әлдебір жетістікке жеткендердің барлығы ауылдан шыққан. Керісінше, үлкен қаладағы балаларға көмек керек. Мен Нью-Йорк, Лос-Анжелес және Алматыдағы балаларға көмектесетін қор құрғым келеді», – деді ол өз сөзінде.

Нағыз таланттар кез келген ауылда, кез келген жерде жасырына береді дейді спикер. Оларды алып шығатын басты дүние – білім.

«Білім көп болған сайын адамның сыңармүйіз стартап құру мүмкіндігі де көбейе түседі. Әлемде стартап ашқан миллиардерлер арасында жоғары оқу орнын бітірмегендер үлесі бар болғаны – 5%. 25%-ы докторлар мен проффессорлар. Университетті тастап кетіп, бизнес ашты деген – үлкен миф», – деп атап өтті кәсіпкер.

Оскар Хартманн кім?

Оскар Хартманн – кәсіпкер, инвестор, мотивациялық спикер. 150-ден астам компанияға инвестиция салды, оның ішінде 14 стартаптың құны 1 млрд доллардан асты. Осы үшін Хартманнға «әлемдегі ең табысты бизнес-періштелердің бірі» деген баға береді.

Ол өзі де бизнес ашты. 2008 жылы KupiVIP интернет дүкенін ашып, клиенттер саны бірнеше миллионға дейін жетті.

2010 жылы ол Sapato аттыалғашқы ресейлік теледүкен құрды, ол стартапты кейінірек Ozon сатып алды.

Хартманн Қазақстандағы балалар үшін қор ашамын деуі бекер емес. 1982 жылы ол Жамбыл облысы, Көктерек ауылында дүниеге келді. Әкесі – этникалық неміс, 8 жасында отбасымен Германияға көшіп кетті. Жастайынан газет таратушы, жанармай бекетінде жұмысшы болып істеген, кейін бизнесін интернет-дүкеннен бастаған.Осы жолы Қазақстанға Алматыда өтіп жатқан Be Woman форумына қатысу үшін келді. Шара екі күнге созылады. Спикерлер арасында Оскар Хартманнан бөлек Владимир Познер, Ирина Хакамада, Брайн Трейси тәрізді танымал тұлғалар бар.

Сондай-ақ оқыңыз