Алматыда қой еті 2500 теңгеден сатылатын жәрмеңкелер өтеді

Алматыда демалыс күндері арзан азық-түлік сатылатын жәрмеңкелер өтіп жүр. Kursiv.Media кейінгі уақытта бағасы шарықтап кеткен етті тиімді бағамен қайдан алуға болатынын түсіндіреді.
Мегаполис әкімдігінің мәліметінше, сенбі және жексенбі күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкелерден көкөніс, жеміс-жидек, ет және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қаладағы орташа бағадан 10–15% арзанға сатып алуға болады.
Мәселен, сиыр етінің бір келісін 2 950, қой етін 2 500, тауық етін 1 100 теңгеден ала аласыз. Күнбағыс майының бір литрі 800, жұмыртқа 500, картоп 190, сәбіз 180, қырыққабат 130, пияз 100 тенгеден саудаланады. Демалыс күндері 700 тонна ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады.
«Өнімдер өндірушілер мен қайта өңдеугі кәсіпорындардан тікелей, ешкімнің араласуынсыз саудаға шығады. Сол себепті оның құны нарықтағыдан төмен болады», — деп түсіндірді қала әкімдігі.
Жәрмеңкелер сенбі және жексенбі күндері, сағат 09:00-дан 18:00-ге дейін өтеді. Сауда нүктелері мына аудандар бойынша орналасқан:
Алмалы ауданы
- Абылай хан даңғылы мен Қазыбек би көшелерінің қиылысы (Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі)
- Масанчи көшесі, Гоголь және Әйтеке Айтеке би көшелерінің арасы
Бостандық ауданы
- Қазахфильм ықшам ауданы, Исинәлиев көшесі
Әуэзов ауданы
- Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылынан төмен
Медеу ауданы
- Меңдіқұлов бульвары, Бектұров көшесінің қиылысы
Жетісу ауданы
- Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері Алматыда 311 жәрмеңке ұйымдастырылып, онда шамамен 20,8 мың тонна өнім сатылған.