
26 қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда барысында ұлттық валюта 2,45 теңгеге арзандады. Елдегі ақша айырбастау мекемелерінде 1 АҚШ доллары 548 теңгеден сатылып жатыр.
KASE-дегі күндізгі валюта саудасы нәтижесінде 1 доллар 544,26 теңге болады. Ұлттық валюта бір тәулікте бірден 2,45 теңгеге құнсызданды. Бір күн бұрын сауда 542,55 теңгемен жабылған еді. Қыркүйектің басында Құрама Штаттар валютасы шамамен 535 теңге тұрды.
Қазақстандағы ақша айырбастау мекемелерінде де баға көтерілді. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы валюта пунктері 1 долларды 544 теңгеден қабылдап, 546 теңгеден сатып жатыр. Астанадағы бағам, әдеттегідей, сәл жоғары – 543 және 548 теңге.
Тамыз айында Қазақстан азаматтарының доллар мен еуроға деген сұранысы артты. Бір ай бұрын айырбастау мекемелері 138,8 млрд теңгеге көк ақша сатылған.