Қазақ қызғалдағы Париж қаласында гүлдейді

Жарияланды 26 Қыркүйек 2025 18:47

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Париж қаласындағы алаң / фото: ҚР СІМ
Париж қаласындағы алаң / фото: ҚР СІМ

Париж қаласындағы Ваграм алаңында Шымкент әкімдігі сыйға тартқан қазақ қызғалдағы ұрығын табыстау және отырғызу салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы Kursiv.Media сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Қазақ қызғалдағын Франция астанасына жеткізу осы елде екі жыл қатарынан ұйымдастырылған «Қазақ ауылы» (Village Kazakh) жобасы аясында жүзеге асты.

Іс-шараға Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Париждің 17-округінің мэрі Жеффруа Буллар, «QazElles» қауымдастығының өкілдері, сонымен бірге жергілікті тұрғындар мен Қазақстанның достары қатысты.

Қазақстанның Франциядағы елшісі
Фото: СІМ

«Жаңаруды, достықты және үйлесімділікті білдіретін қызғалдақ – тарихи отаны қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан гүл. Оның Парижде отырғызылуы экономика мен инновациялардан бастап, білім, ғылым және мәдениетке дейінгі негізгі салаларды қамтитын қазақ-француз ынтымақтастығын одан әрі дамытуға деген ұмтылыстың жарқын айғағына айналмақ», – деп таратты СІМ.

2023 жылы, Қазақстан мен Франция арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықтың белгісі ретінде, Шымкенттен әкелінген қызғалдақ шамдары Париждің әйгілі Багатель бағына отырғызылған.

Сондай-ақ оқыңыз