Тони Блэр Газа секторының уақытша билігін басқаруы мүмкін

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Газа секторының халықаралық өтпелі органын басқаруы мүмкін. Бұл туралы The Economist дереккөздер мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Блэр 2023 жылғы қазанда Израиль Газада әскери науқан бастаған уақыттан кейін Иерусалимге бірнеше мәрте барған. Саясаткер «Тони Блэрдің сенім қорына» соғыстан кейінгі мандат жоспарын дайындауды тапсырған.
Осы жоспармен таныс бірнеше дереккөздің айтуынша, Блэр «Газаның халықаралық өтпелі органы» (GITA) деп аталатын мекемені басқаруы мүмкін. Ұйым БҰҰ мандатын алуға, сол арқылы секторда бес жыл бойын «жоғары саясаты әрі заңды билікке айналуға» ұмтылады.
Газет дерегінше, мұндай мекеме Шығыс Тимор және Косовода өтпелі кезеңді басқарған халықаралық әкімшіліктер сияқты қызмет атқарады. Бастапқыда ұйымның бас кеңсесі Египеттің Солтүстік Синай провинциясындағы Әл-Ариште орналасуы мүмкін. Ол Газа секторының оңтүстік шекарасына жақын.
Блэр жоспары мақұлданса, 25 адам мен жеті мүшесі бар кеңестен тұратын хатшылық аумақты басқаратын атқарушы органға айналады.
Тони Блэр Ұлыбритания үкіметін 1997-2007 жылдар аралығында басқарған.