ЭКСПО аумағында цифрлық шешімдер орталығы ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Кластердің өзгеі Alem халықаралық жасанды интеллект орталығы болады / Фото: kursiv.media архив

Астанада ЭКСПО аумағында Экспоненциалды кластер — халықаралық цифрлық шешімдер орталығы құрылады. Бұл IT-компаниялар саны күрт артқан Astana Hub-тың мүмкіндігін кеңейтуге көмектеседі (ел бойынша 18 мыңнан астам компания). Бұл туралы цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Кластердің атауы Alem халықаралық жасанды интеллект орталығы болады. Сондай-ақ Astana Hub, ЖИ университеті, Qaztech платформасы, медицина, дрондар мен робототехника бойынша техорталықтар негізгі элементтер ретінде жұмыс істейді.

«Alem.ai — таланттарды, зерттеушілерді, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді біріктіретін, отандық жасанды интеллект шешімдерін жасап, экономиканың түрлі салаларына енгізуге арналған алаң болады», — деді министр.

Еске салайық ЭКСПО ғимаратынан барлық экспонаттар көшіріліп, нысан жаңғыртылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз