Жаңалықтар

Астанада заңсыз студияның қызметі тоқтады (видео)

Фото: видеодан скрин

Астанада полиция тұрғын үй кешендерінің бірінің жертөлесінде орналасқан заңсыз студияны анықтап, қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шара «Стоп трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Студия интернет желісінде жарияланған арсыз жарнамалар арқылы әшкереленген.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, нысан иесі анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеру жүргізілуде. Оған қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қабылданатын болады.

Астанада полиция заңсыз студияның қызметін тоқтатты

Полиция өкілдері мұндай орындардың қоғамның моральдық құндылықтары мен мәдени мұрасына қатер төндіретінін атап өтті. Әсіресе, елорда — рухани әрі мәдени дамудың үлгісі саналуы тиіс қала болғандықтан, жастарға кері әсер ететін арсыз әрекеттерге жол берілмейді.

Сонымен қатар, полиция кез келген арсыздыққа итермелейтін немесе қоғамдық моральға қайшы іс-әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.