Жаңалықтар

Forbes тізіміндегі миллиардерлерге тиесілі болған жер мемлекетке қайтты

Заброшенная земля на 4,78 млрд тенге возвращена государству в Карагандинской области
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы үш жылда 83 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, олардың жалпы сомасы – 6,1 млрд теңге. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасынан хабарлайды.

Мемлекетке қайтарылған жердің 21 мың гектары бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының, сондай-ақ «Forbes» тізіміне кіретін адамдардың меншігінде болған. Жалпы құны – 1,6 млрд теңге

Прокуратураның талап – арызы бойынша 2025 жылы мамыр айында Кулибаевтар отбасына тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Сол сияқты депутаттық сауалда көрсетілген тағы 9 гектар жағалау аумағы қайтарылды.

«Іле ауданының жерлеріне қатысты-жұмыс жүргізілуде, тексеру нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ететін боламыз», – деп ескертеді прокуратурадан.