
Астанада күннің суытуына байланысты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар орталық жылу жүйесіне қосыла бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды», – делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мектептер, балабақшалар мен ауруханаларға жылу бұдан бұрын, өтінімдер бойынша берілген.
Жалпы қосу процесі бірнеше күнге созылады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, қалада тәуліктік орташа температура +9 градус болады, түнде нөлден төмен түсуі мүмкін.
Бұған дейін жылу маусымына дайындығы артта қалған аймақтар аталған.
Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы жылу желілерінде, сондай-ақ Аягөз бен Сәтбаев қалаларындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр