Жаңалықтар

«Реал Мадрид» клубы «Қайратқа» қарсы ойнайтын команда құрамын жариялады

«Реал Мадрид» ойыншысы Джуд Беллингем / Фото: REUTERS

Испаниялық «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының Алматыда өтетін матчына қатысатын команда құрамын жариялады.

Фото: realmadrid instagram.

Бұл тізімде Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор және Джуд Беллингем сияқты атақты ойыншылар бар.

«Реал Мадрид» құрамында қақпада Тибо Куртуа, Андрей Лунин және Хави Наварро ойнайды. Қорғаныс шебінде Давид Алаба, Марко Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен мен Давид Хименес бар.

Ортада Джуд Беллингем, Эдуардо Камавинга, Феде Вальверде, Орельен Тчуамени, Арда Гюлер және Дани Себальос өнер көрсетсе, шабуыл шебінде Винисиус Жуниор, Эндрик, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало, Браим Идас пен Франко Мастантуоно алаңға шығуы мүмкін.

Еске салсақ, «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» ойыны 30 қыркүйекте өтеді. «Реал Мадрид» командасының футболшылары бүгін түнде Алмаға келуі мүмкін. Алматы халықаралық әуежайының кестесіне сәйкес, 28 қыркүйектен 29-ы қыркүйекке қараған түні 00:50-де Мадрид қаласынан ұшқан әуе кемесі Алматыға қонады.