Доллар тағы қымбаттады: айырбастау пункттері 550 теңгеден сатып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Дүйсенбі, 29 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасындағы саудада теңге құнсызданды. АҚШ долларының бағамы 4 теңгеге өсіп, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 548,79 теңге деңгейінде қалыптасты.

Биржадағы мәміле шамамен 250 млн доллар көлемінде жасалған. Сарапшылардың пікірінше, валюта бағамы алдағы уақытта 548,7–₸549,5 теңге дәлізінде тұрақталуы мүмкін.

Айырбастау пункттерінде доллар қазірдің өзінде 550 теңгеден жоғары сатылып жатыр.

Өткен апта соңында да теңге қысымға ұшыраған еді: жұма күні сауда 545,80 теңге деңгейінде жабылып, орташа сараланған курс 544,45 теңге болып, апталық максимумды тіркеген.

Сондай-ақ оқыңыз