
Астанадағы орталық көшелердің біріне саяхатшы Марко Поло есімі беріледі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия президенті Серджо Маттарелланың Ақордадағы кездесуі кезінде айтылды.
Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелеріне де ерекше көңіл бөлген. Марко Поло есімімен орталық көшеге беру қос мемлекеттің берік достығының символы болады.
Тоқаев Италияның Қазақстанның үш ірі сауда серіктестерінің бірі екенін айтқан. Италияның кейінгі 20 жылда экономикамызға 7,6 миллиард доллар инвестиция құйған.
Қазір Қазақстанда 250 италиялық компания жұмыс істеп жатыр.
«Италия Қазақстанның үш ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Экономикалық ықпалдастығымыз өте қарқынды дамып келеді және оны одан әрі арттырудың әлеуеті зор», – деді Тоқаев.
Одан бөлек тараптар аса маңызды шикізат материалдары, мұнай химиясы, машина жасау, көлік-логистика, жеңіл өнеркәсіп, тағам өнімдерін қайта өңдеу, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларын талқылаған.
Марко Поло – XIII-XIV ғасырларда өмір сүрген әйгілі венециялық саяхатшы, көпес және зерттеуші. Ол шамамен 1254 жылы Венецияда дүниеге келіп, 1324 жылы қайтыс болған.