«Қалыпты жағдай»: Феде Вальверде Алматы әуежайындағы қарбалас туралы

«Реал Мадрид» клубының жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде алматылық жанкүйерлердің әуежайда күтіп алғанына қатысты ойын айтты.
Баспасөз конференциясы кезінде БАҚ өкілдері жанкүйердің футболшыларды күтіп алғанына қатысты сұрақ қойды.
«Реал Мадрид» үшін бұл қалыпты жағдай. Біз бұл жерде бұрын ойнаған емеспіз, бірақ бізді қарсы алғанын көру қуантты. Кеш болғанына қарамастан әуежайдан шыққан кезде «Реал Мадрид» жанкүйері көп екенін көріп қуандық. Бізден алыс ел болғанына қарамастан мұнда жанкүйердің көп болғаны футболдағы ең әдемі көрініс. Біз үшін үлкен құрмет. Жанкүйерлерге жеңіс сыйлаймыз деген ойдамыз», – деді Вальверде.
Айта кетейік, Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубы Алматыға 28 қыркүйекте келді. Команда УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында «Қайратқа» қарсы матч өткізеді.
Ал «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны 30 қыркүйекте сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.