Жаңалықтар

Құны 46 млрд теңге «Қасқасу» курорты құрылысы қашан аяқталады

Түркістан облысында тау-шаңғы курорты салынып жатыр/көрнекі фото: Шымбұлақ курорты баспасөз қызметі

Түркістан облысында 46 млрд теңгеге салынып жатқан «Қасқасу» тау-шаңғы курорты құрылысы 2029 жылы аяқталады. Бұл туралы орталық коммуницкациялар қызметінде өткен брифингте Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев айтты.

Облыс әкімдігі «Қасқасу» тау-шаңғы курорты инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау және кәріз құрылысына қолдау көрсету үшін шамамен 3 млрд теңге бөлген.

«Әкімдік ақпараты бойынша, жобаның құны шамамен 46 млрд теңге. Құрылыс 2029 жылға дейін жалғасады, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024-2028 жылдары жүргізіледі», – деді Кәріпбаев.

«Қасқасу» тау-шаңғы курорты салынатыны 2019 жылы айтылды. Сол кезде жоба Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілді.

Жоспар бойныша теңіз деңгейінен 1750-ден 3200 метр биіктікте шаңғы трассалары, арқан жолдары мен көтергіш, қонақүй, мейрамхана, аквапарк, ауыл, , спорт және жаттығу орталықтары салынуы қажет.