Хаби Алонсо «Қайрат» жайлы не ойлайтынын айтты – видео

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Реал Мадрид» бас бапкері «Қайрат» командасы туралы пікір білдірді/фото: kursiv.media

«Реал Мадрид» клубының бас бапкері Хаби Алонсо «Қайрат» командасы туралы пікір білдірді.

«Қалай болғанда да біз алаңға шығамыз. 11 ойыншы алаңға шығады. Команда барынша «Қайратқа» қарсы ойнауға дайындалды. Команда чемпиондар лигасында алғаш рет ойнап жатқанын білеміз», – деді Алонсо.

Айтуынша, мадридтік «Реал» ойыншылары «Қайраттың» «Селтик», «Спортингке» командасына қарсы ойынын көрген.

«Ойын көрсеткен жақсы. Қысым көрсетеміз, шабуыл жасаймыз. Біз де жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Бұл өте қарқынды ойын болғалы тұр. «Қайрат» командасы физикалық, тактика тұрғысынан да өте ұйымдасқан команда. Біз олар үшін мықты серпіліс екенін білеміз. Ойынды қарқынды бастауға тырысамыз», – деді Хаби Алонсо.

Сондай-ақ оқыңыз