СҚО-да 720 шетелдікке ЖСН заңсыз берілген

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
ЦОН. Фото: «Правительство для граждан», бильд-редактор: Милош Муратовский
720 шетелдікке ЖСН заңсыз берілген/ фото: Азаматтарға арналған үкімет, бильд-редактор: Милош Муратовский

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін беруде заңбұзушылықтар болғаны анықталды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалы шетелдіктерге олардың Қазақстан аумағында болмай жеке сәйкестендіру нөмірлерін алу туралы 720 өтініштін рәсімдеген. Бұл заң бұзу саналады.

Кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 3 шілдесінде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары «Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз