Жаңалықтар

Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді

Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді / фото: shutterstock

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялап, оңтүстік облыстарда күн күрт суытатынын хабарлады.

Синоптиктер күздің жылы күндерінен кейін, солтүстік өңірлердің тұрғындары қыстың лебін сезінгенін атап өткен. Түнгі уақытта ауа температурасының көрсеткіштері минусқа дейін төмендеп, кейбір аудандарда жаңбыр арты қарға ұласқан.

«Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырып, енді ауа райының нашарлауы оңтүстік өңірлерде де күтіледі», делінген хабарламада.

Осылайша, 1 қазанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облысында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында қар аралас жауын болжанып отыр. Сондай-ақ 1 қазан күні күндіз ауа температурасы +5-10 градусқа дейін төмендеп, 2 қазанға қараған түні 1-3 градустық үсік жүруі мүмкін.

Бұған дейін, Алматы тауларына қар түскенін жазғанбыз.