Жаңалықтар

Тоқаев бас прокурордың бірінші орынбасарын ауыстырды

Тоқаев Бас прокурордың бірінші орынбасарын ауыстырды
Тоқаев бас прокурордың бірінші орынбасарын ауыстырды / фото: gov.kz

Президент Қ.Тоқаев бас прокурордың бірінші орынбасарын ауыстырып, кадрлық өзгеріс жасады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген Ақорда хабарламасында.

Жандос Өмірәлиев бұған дейін Бас прокурордың орынбасары болып келген. Ал бірінші орынбасар қызметін Тимур Тәшімбаев атқарған.

Сонымен қатар бүгін үкімет құрамында кадрлық ауыс-түйістер болған. Жаслан Мәдиев жаңадан құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалса, Оқу-ағарту министрлігіне Ғани Бейсембаевтың орнына Жұлдыз Сүйлейменова барған.