
29 қыркүйек күнгі сауда сессиясында ForteBank (тикер: ASBN) акцияларының құны күрт төмендеді. Бағалы қағаздар 9,5% арзандап, ₸16,80 теңгеден сатылды. Бұған Қазақстан жеке инвестора қауымдастығы назар аударды
Жалпы сауда көлемі 35,6 млн теңгені құрады. Айта кету керек, ASBN бағалы қағаздары KASE индексінің құрамына кірмейді.

Қыркүйек айының басында ForteBank акциялары екі есе арзандап барып қайта қымбаттаған болатын. Ол кезде банк бағалы қағазы 22,26 теңгеден 12,26 теңгеге дейін арзандады.
Жақында қаржы ұйымы Home Credit Bank акцияларының 26,8%-ын сатып алды.
ForteBank-тің түпкі иесі – кәсіпкер Болат Өтемұратов. Forbes оның дәулетін 3,7 млрд доллар деп бағалап, Қазақстандағы ең бай алты адамның қатарына енгізген.