
Қазақстан 2025 жылдың соңына дейін түсті металдардың кейбір түрлерін елден шығаруға тыйым салды. Бұл шешім ішкі нарықты стратегиялық маңызды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 7 қазанынан бастап, Қазақстан аумағынан барлық көлік түрлерімен келесі өнімдерді әкетуге болмайды:
- тазартылмаған мыс пен электролиттік тазартуға арналған анодтар,
- прокатқа арналған дайындамалар,
- лигатурадан басқа мыс қорытпалары,
- сондай-ақ электр оқшаулауынсыз жасалған мыс сымдар, тростар,
- өрілген жіптер мен ұқсас бұйымдар.
Бұдан бөлек, құрамында сурьма элементі басым өнімдер мен тазартуға арналған басқа да түрлерінің экспортына шектеу қойылады.
Осылайша, елден мыс пен оның қорытпаларының негізгі дайындамаларын шығаруға 31 желтоқсан 2025 жылға дейін толық тыйым салынады
Бұған дейін алты айға сұйытылған газды экспорттауға тыйым салған.