Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Ғани Бектайұлы Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.
Ол еңбек жолын 1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінде қазақ тілі мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып бастады. Әр жылдары түрлі лауазымды қызметтер атқарған.
2022 жылдың тамыз айынан бастап-Қазақстан Республикасының Білім вице-министрі.
2023 жылғы қаңтардан бастап-ҚР Білім министрі.
2023 жылдың қаңтарынанн бастап Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған болатын.