Ресейдің 720 азаматына заңсыз жолмен ЖСН берілген – прокуратура

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Казахстанцам предложили менять ИИН в случае утечки данных  
720 Ресей азаматына ЖСН заңсыз берілген / Фото: kursiv.media архив

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Ресейдің 720 азаматына жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз берген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Прокуратура мәліметінше, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалы заң талаптарына қайшы келетін әрекеттерде жол берген. Нәтижесінде 720 шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасының аумағында болмағанына қарамастан, өтініштері рәсімделіп, жеке сәйкестендіру нөмірлері бірелген.

Прокуратура шешімімен заңда көрсетілген нормаларға сәйкес, мұндай жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күші жойылып, кінәлі азаматтар жауапқа тартылған.

Еске сала кетсек, Қазақстаннан жеке сәйкестендіру нөмірін алу 2022 жылы басталып кетті. Соғыс басталып, санкциылар қыспағында қалған соң, ресейліктер жаппай Қазақстаннан ЖСН ала бастады. 2022 жылы жалпы 734 мың шетел азаматы ЖСН алғаны айтылды. Шетелдіәктердің ЖСН алуы жеңілдеп кеткен соң, үкімет бұл процедураны күрделендіре түсті. Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келуі міндеттелді.

Сондай-ақ оқыңыз